Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің шығармашылық тобы қауымдастығының отырысы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ-нің әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 31 қаңтарында «Оқылым дағдысы: практиктен лайфхак» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің шығармашылық тобы қауымдастығының (Абай атындағы жббм-нің мұғалімдерінің отырысы және «Білім алушылардың  функционалдық сауаттылығын дамытуда белсенді оқыту стратегияларының үлгілерін енгізу» тақырыбында ОТМ отырыстарын ұйымдастыру және өткізудің №1 отырысы болып өтті.
Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жаңа жаһандық талаптарға жатады. Функционалдық сауаттылықты  дамытудың 2018 жылдан бергі негізгі бағыттарының бірі-оқу сауаттылығын (негізгі компоненттерінің бірі)  дамыту. Оқу сауаттылығы жалпы сауаттылықтың (математика, жаратылыстану, қаржылық)  негізі. Оқу сауаттылығы қажетті деңгейде қалыптасқан бала басқа бағыттарда да жоғары нәтиже көрсетеді. Он бес жасар  білім алушылардың қоғамда толыққанды қызмет етуіне қажетті білім мен білік дағдылары (PISA) әлемік деңгейде бағаланады.№115 жалпы білім беретін мектебінің тіл мамандары А.Ж.Хамзина мен М.Қ.Әлиасқарова «Білім алушылардың  функционалдық сауаттылығын дамытуда белсенді оқыту стратегияларының үлгілерін енгізу» тақырыбында озық тәжірибелерімен бөлісті.Оқу сауаттылығы тапсырмаларының үш құрамдаушы бөлігі (жағдаят, мәтін, аспект) бойынша тапсырмалар құрастыру және жаңа форматта оқыту үлгісімен бөлісті. М.Қ.Әлиасқарова белсенді оқыту стратегияларымен бөлісті.
Ал, «Оқылым дағдысы: практиктен лайфхак» тақырыбында шығармашылық тобы қауымдастығындағы Абай атындағы жббм-нің мұғалімдері А.С.Нурмухамбетова, М.С.Бадаева, Л.Т.Садуакасова, Б.С.Жумасаева, К.С.Султановалар оқылым дағдысын арттыруға бағытталған аса маңызды мәселелер қарастырылып, шығармашылық топ жұмысының аралық нәтижелері мен «Оқылым дағдысы: практиктен лайфхак» атты сандық білім беру ресурсын таныстырып өтті. 
Отырысқа тыңдаушы ретінде шақырылған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері жұмыстың практикалық маңыздылығын атап кетті. Мақсаты айқын, міндеттері анық жұмысқа сәттілік тілеп, жүйелі жұмыс нәтижесінде оқушылардың оқуға деген қызығушылық артып, оқу сауаттылығы қалыптасатынына сенім білдірді. 
Алдағы жұмыстағы шеберлік сынып пен практикалық сабақтарға  шығармашылық шабыт тілейміз!