«Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ-нің жұмыс жоспарына сәйкес М.Горький атындағы гимназиясы ғимаратында «Жаңартылған мазмұнды енгізу негізінде білім, білік және дағдыларды дамыту мен өзектендіру, лингвистикалық, тілдік, коммуникативтік құзіреттіліктерді саралау, білімді қалыптастыру» тақырыбында қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдер қауымдастығының семинары өткізілді.
І кезең-Тіл маманы, директордың ОІЖ орынбасары Д.С.Ромащенко «Педагогикалық үдерістегі сабақтастық-бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеудің кепілі» тақырыбында баяндама оқыды.Мектептегі қазақ тілі қауымдастығының жетекшісі Г.Ш.Есенбаева ӘБ мұғалімдерінің жетістіктері жайлы сөз етті.
ІІ кезең-«Педагогикалық идеялар панорамасы» бөлімінде «Джигсо» әдісі бойынша топқа бөлініп сабақтар өткізілді. 2 сынып «Саяжайда» (А.С.Айнабекова), 5 сынып «Нәтиже сабақ» (Н.К.Нурбаева, Г.Ә.Сансызбаева), 2 сынып «Бәйтерек монументі» (А.Д.Салыкова), 3 сынып «Мереке құтты болсын!» (А.М.Султанова, З.Б.Маркина), 4 сынып «Өзгеру мен даму» (А.Р.Кудебаева), 6 сынып «Өнер-сарқылмас байлық» (Г.А.Байгужина).
ІІІ кезең-Педагогикалық шеберханада «Қазақ тілі пәнінен қосымша білім беру: тиімді әдіс-тәсілдер» (А.К.Борибаев), «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында заманға сай тиімді технологияның элементтерін қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауатты сөйлеу дағдыларын дамыту» (А.А.Бекбулатова), «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы тілдік коммуникативтік тәсіл» (С.А.Акмухамедова).
Орыс мектептеріндегі бастауыш сыныпта қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдер үшін бүгінгі семинар өте тиімді болды. Оқуда және оқытуда заманауи озық технологияларды қолдану тиімділігі жайлы баса айтылды, көрсетілді. ХХ ғасырдың басында Ж.Аймауытов: «Сабақ беру – жай үйреншікті нәрсе емес, ол – жаңадан жаңаны табатын нәрсе» деген екен.
Ынтымақтастық жұмыс негізінде жалғасып №18 мектеп-гимназиясында бас қосатын болды.