Семинарға қалалық білім бөлімінің әдіскері,қалалық мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ӘБ жетекшілері мен тіл мамандары қатысты.
Бүгінгі заман талабына сай, жаңа ағымға қабілетті,өзі шешім қабылдай алатын, өздігінен білім алуға ынталы тұлғаны қалыптастыру. Критериалды бағалау жүйесі арқылы оқушының белсенділігін арттыру, оқу үрдісіне жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізу семинардың негізгі мақсаты болып табылады.
Осы мақсатта №30 жббм-нің ӘБ жетекшісі А.Т. Нұрғали сабақтарда өткізген критериалды бағалаудың тиімді тұстарын ортаға салды. Атап айтатын болсақ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ж.С. Смадьярова, А.К.Исмагуловалар өз тәжірибелерін пән сабақтарында көрсетсе, Г.Ж.Уразбаева мен жас маман М.Б.Ізтілеуова осы тақырыпта шебер-сынып көрсетіп, критериалды бағалаудың тиімді әдіс-тәсілдердің әр түрінен өз тәжірибелермен бөлісіп, бүгінгі семинарда критериалды бағалаудың маңыздылығы мен мәнін тағы бір пысықтап өтті. Қалалық білім бөлімінің әдіскері Ж.Д.Жұмағұлова семинарды қорытындылай отырып, критериалды бағалаудың тиімділігін арттыру үшін, қалалық, облыстық, республикалық деңгейде өткізілетін маңызды іс-шаралардан тәжірибе жинақтап отыру керектігін атап өтті. (ҚББ әдіскері Ж.Д.Жумагулова)