Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

 2023 жылдың   он алтыншы ақпанында  «Қостанай қаласы білім бөлімі» ММ--нің жұмыс жоспарына сәйкес №16 жббм-нің  базасында офлайн форматта «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді әдістері» тақырыбында қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қауымдастық  отырысы өткізілді.
Семинар екі бөлімнен тұрды: 1 бөлім-теориялық, 2 бөлім - практикалық.  Осы семинарға мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.Семинар  бағдарламасы жоспары бойынша 6 сабақ берілді. Б.А.Нуркина, А.С.Ибраева (Коучинг), А.И.Бутагарина «Ертең-мереке» (1сынып); С.С.Танатканова «Тұңғыш ғалым» (3 сынып); М.Д.Ибраева-«Уа, Еркіндік! Сенсің менің ең ғажайып өлеңім!» (5сынып); А.Ф.Кужекова-«Егіннің бастары» (7 сынып); С.Б.Нургалиева М.Әуезов «Көксерек» (8 сынып); С.Б.Сактаганова-М.Әуезов «Абай жолы» (11 сынып) тақырыбында ашық сабақтарында мұғалімдер өздерінің жоспарлаған сабақтарын жоғары деңгейде өткізді. Оқушылардың оқу сауаттылығы мен функционалдық сауаттылығына бағытталған тапсырмаларды орындау барысында төмендегі әдіс-тәсілдер тиімді қолданылды. 
Сабақта «Пликерс», «Айналмалы дөңгелек», «QR код», «Венн диаграммасы», «ПОПС формуласы» мен қатар қазақтың ән, би, домбыра тарту сияқты сергіту сәттері өте әсерлі болды. Мұғалімдердің берген сабақтары өз мақсаттарына жетті. Сабақ барысында оқушылар белсенді жұмыс жасап, барынша ат салысып отырды.
 «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, екі мыңға жуық оқушысы бар білім орданың басшысы Ильяс Болатханұлы тіл мамандарымен қатар сабақтарға қатысып,коучингте ұсынысын жеткізді. Орыс мектептерінің басшылары мемлекеттік тілге көңіл бөліп,мектеп әкімшілігі бастаған ұжымы ана тілімізде болып тұратын іс-шараға үнемі қолдау көрсетіп отырса, нұр үстіне нұр болар еді. 
Бас қосуда  тіл мамандары өз пікірлерімен бөлісіп, өткізген коучинг барысында бір-бірімен тәжірибе алмасып тарқасты.