"Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану"
тақырыбында қалалық семинар 2022 жылдың 15 желтоқсанында №1 мектеп-лицейінде өтті. Семинар диалогтық алаң форматында өтті. Қазақтілі мен әдебиеті сабақтарындағы өзекті мәселелер, шешу жолдары , білім сапасын арттыру үшін ұтымды әдіс - тәсілдермен тәжірибе бөлісті. Семинарға әдістемелік бірлестік жетекшісі Э.Е.Рахимова, Г.З.Абитчанова, Қ.Д.Князова, Б.М.Бигалиева белсене қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинарда «Джунгли», «Сүйек»,«Дұрыс қадам», «Tarsia» және т.б әдістерінің қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында ұтымдылығы талқыланды. Семинарға қалалық білім беру ұйымдарының қырық шақты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты. Күнделікті сабақтарында қолданып жүрген әдістермен бөлісті. Семинар барысында мұғалімдер әдіс-тәсілдерді қолданып, кері байланыс жасап отырды. Алдағы уақытта бірлескен жұмыс түрлерін жоспарлау, қалалық деңгейде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің өзара әрекеттесуі жайында сөз қозғалды.