Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

2023 жылдың 2 наурызында Қостанай қаласының  №1 мектеп-лицейінде «Қазақ тілі мен әдебиетінен білім  жетістіктерінің мониторингісіне  дайындау мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараға қаланың тоғызыншы сыныпқа қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалімдері қатысты.  
 Іс-шараның  негізгі мақсаты: оқушыларды білім алушылардың білім жетістігін мониторингілеуге дайындық барысында оқу сауаттылығы бойынша өзекті мәселелерді айқындау және талқылау, оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдерді қарастыру,  олардың аспектілерімен жұмыс жасау. 
     Дөңгелек үстелде ББМЖ бойынша нормативтік құжаттармен  қазақ тілінің мұғалімі Н.Б.Ерденова таныстырды. Ол нақты ББМЖ үрдісінің ұйымдастырылуы, өткізуі және білім алушыларды дайындау туралы ақпарат берді.
Әдістемелік бірлестік жетекшісі Э.Е.Рахимова оқушыларды ББЖМ дайындау мәселелеріне тоқталды. Тест тапсырмаларының үш қиындық деңгейіне талдау жасады. Оқу сауаттылығы бойынша тест тапсырмаларының мазмұнын талдады. Мәтінмен жұмыс бойынша ұсынымдар берді. 
Р.М.Умарова ББЖМ аясында оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру жолдарымен пікір бөлісті. Оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға әсер ететін факторларды айқындап көрсетті. ББЖМ аясында өткізілетін тестілеудің тақырыптары мен нақты оқу мақсаттарын талдады. Сонымен қатар спецификациясына назар аударды. 
Б.М.Мухамедкалиева ББЖМ аясында оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруға арналған қажетті әдіс-тәсілдерді практика жүзінде көрсетті.  Дөңгелек үстелге қатысушылар  «Plikers», «Тарсия» әдістер арқылы мәтінмен жұмыс жасап оқу сауаттылығына арналған  жаңашыл тапсырмаларды орындады.
ҚББ әдіскері Ж.Д.Жумагулова ББЖМ-22 нәтижелеріне тоқталып, қорытындылары  жөнінде тоқталып өтті. Қазақ тілі мен әдебиетінен білім  жетістіктерінің мониторингісіне  дайындау мәселелеріне арналған дөңгелек үстелдің жұмысы жоғары деңгейде болды. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандары ұйымдастырушылардың жұмысына кері байланыс арқылы ризашылықтарын білдірді.