«Қазақ тілі мен әдебиетінен қорытынды аттестаттауға дайындық-23»
Қостанай қаласындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні қауымдастығының шығармашылық тобы С.Мәуленов атындағы гимназиясының ғимаратында онлайн, оффлайн форматта «Қазақ тілі мен әдебиетінен қорытынды аттестаттауға дайындық - 23» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізді.
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау дегеніміз – тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін, олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.
Дөңгелек үстелде сөз алған М.Әлиасқарова (№115 жббм), Э.Е.Рахимова (№1 мл), З.М.Досымова (С Мәуленов атындағы гимназия) тіл мамандары 9-11 сыныптар бойынша қорытынды аттестаттауға дайындық барысы жайлы және қандай жұмыстар жүргізіліп жатқандығы жөнінде сөз етті.
Қорытынды аттестаттауға байланысты пән мұғалімдері консультация күндерін белгілеп жұмыстар жүргізілуде.