Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

«Қазақ тілін дамытудағы үздік практиктер»
Л.Н.Толстой         атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ғимаратында аудандық, ҚББ әдіскерлері, орта білім беру ұйымдары мен дарынды балаларға арналған мамандандырылған мекемелердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің «Қазақ тілін дамытудағы үздік практиктер» тақырыбында 11 тамызда тамыз кеңесі шеңберінде  секциялық отырыс өтті.    Қостанай қаласының тәжірибелі ұстаздары (№18 мг) З.Д.Сергазина «Инклюзивті орта-инклюзивті оқушы және мұғалім» коучинг, ( №115 жббм) Ә.К.Усманова «Инклюзивті орта құру» коучинг, (М.Горький атындағы гимназия) А.Д.Салыкова «Тілді меңгеру деңгейлері» шеберлік сыныптарын өткізді. Тыңдаушы ретінде ҚББ әдіскері Ж.Д.Жумагулова, (№29 жбб м) Ж.М.Утеулин,(№28 мг) Г.Б.Шамшиналар «тәжірибе алмасу-іскерлікті жетілдіру» мақсатымен қатысып тәжірибе алмаса түсті.
    Қазақ тілі мен әдебиеті секциясында көптеген тақырыптар қозғалды, сондай-ақ бұл тақырыптардың маңыздылығын қатысып жатқан әріптестер жоғары бағалады. Бұл коучингтың құндылығы ЕББҚ бар оқушыларды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қалай қолдау көрсетіп, оларды оқу процесіне қалай жұмылдыру керек туралы әдістерді түсіндірді. Яғни, ЕББҚ оқушыларға тыңдалып, оқылым, айтылым, жазылым дағдыларын қалай меңгерту керектігі, тапсырманың жеңіл-күрделілігін үйретті. Тәжірибе жүзінде қатысу әріптестер өз тәжірибесімен де бөлісіп, жобалар қорғап, ЕББҚ бар оқушы моделін жасады. Коучингте ЕЕБҚ бар оқушымен жұмыс жүргізуде мұғалім моделінің орны туралы сөз етілді. 
Шебер-сынып барысында тілді меңгеру деңгейлерінің атауларымен топқа бөлініп, «Неліктен тілдік дағдыларды дамытуымыз керек» деген сұрақ-жауап арқылы «Тілдерді меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті» (CEFR) деңгейлерін (А1, А2, В1, В2, С1) ескере отырып, оқу бағдарламасынан оқу мақсаттарды жету жолдары қарастырылды.
Алған білімдерін практикалық тапсырмаларды орындау арқылы талқылауға салынып, шешім тауып, өз іс-тәжірибелерінде қолданудың тиімді әдіс-тәсілдерімен танысты. 
Әрқашан мерейіміз үстем, мәртебеміз биік болсын! Ұстаздарға толағай табыс тілейміз!