Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

2022 жылдың 23 ақпанында  № 11 бөбекжай-бақшасы базасында қазақ тілінде оқытатын ересек топ тәрбиешілеріне арналған «Білім беру үрдісінде кіріктірілген және өзара қарым-қатынас жүйесін қолдану жолдары» атты тақырыптағы әдістемелік бірлестіктің жұмысына 35 педагог қатысты.

Әдістемелік бірлестіктің жетекшісі А.С.Жангонның басшылығымен балабақшаның тәрбиешілері А.Б.Ахметбекова «Су асты әлеміне саяхат» атты тақырыптағы кіріктірілген  ұйымдастырылған оқу  қызметін ұсынды, ал Г.М.Молдахметова «Алтын балық» атты жұмыс тәжірбесін ортаға салды.

Педагог –психолог А.А. Ақышева «Жақсы көңіл-күй жан шуағы» атты жаттығу–релаксациясын өткізді.

Әдістемелік бірлестіктің жұмысының соңында  ересек топтың  тәрбиешілері мектепке дейінгі білім берудің оң үрдістерін, одан әрі жұмыс істеу жетістіктеріне тоқталып өтті.