Қазанның бірінші жексенбісі қарсаңында «Мирас» қалалық мәдениет үйінің салтанатты залына Ұстаздар күнін мерекелеуге орай Қостанай қаласының педагогтары жиналды. Жыл сайын бұл күні ұстаздардың игі істері үшін алғыс сөздер айтылады.
Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Каширбеков Б.С. педагогикалық еңбек ардагерлеріне, мұғалімдерге, тәрбиешілерге, қосымша білім беру педагогтеріне құттықтау сөз сөйледі. Әкімінің орынбасары өз сөзінде ұстаздарымыздың есімдері қаладан тыс жерлерде де белгілі екенін атап өтті.
Олардың шығармашылық әлеуеті қалалық, облыстық, республикалық конкурстар мен олимпиадаларда жүзеге асырылады. Сондай-ақ, қала әкімі педагогтарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, барлығына мықты денсаулық және отбасылық бақыт тіледі.
Екінші бөлімде дәстүрлі марапаттау рәсімі өтті. Қостанай қаласы әкімінің және білім басқармасының атынан грамоталармен және алғыс хаттармен 57 педагог марапатталды. Тағы да 135 педагог Ұстаздар күнін мерекелеуге орай қалалық білім бөлімінің басшысы атынан мақтау қағаздарымен марапатталды.
Мерекелік іс-шара аясында ардагерлерге Ахмет Байтұрсынұлының «Мектептің жаны-ұстаз» деген нақыл сөздері мен барельефі бар естелік медальдар табыс етілді.
Салтанатты марапаттау рәсімінің соңында қаланың музыкалық ұжымдары құрметті ұстаздар мен іс-шара қонақтарына мерекелік концерт ұсынды.