«Қостанай қаласы бiлiм бөлiмiнің № 28 мектеп-гимназиясы» ММ-де 1-11 сыныптар аралығында қыркүйектің бірінші күні білім күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде әзірленген «Әліппе» оқулығы мектебіміздің өнерлі оқушысы Нұралыұлы Жамбылдың А.Байтұрсынұлының рөлі көркемдеуімен салтанатты түрде 1 сынып оқушыларына табысталды.
«Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
«Жастар рухы» партиясы жастар қанатының кезектен тыс VI съезінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев Жаңа Қазақстан жастары үшін маңызды үш басымдық – Терең білім, Еңбекқорлық және Отаншылдық қасиетті атап өтті.
Бірыңғай сынып сағатын өткізу кезінде кәсіби қызметінде елеулі жетістіктері бар, еңбексүйгіштік, білімге деген ұмтылыс және отаншылдық құндылықтарының жарқын көрінісі болып табылатын құрметті қонақтардың қатысуымен өтті.