«Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ осы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» қағидаларының 23-тармағына сәйкес 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 2 хаттама негізінде Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына бұрын мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдар, келесі 2023 жылға арналған мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне № 1 қосымшаның тізіміне сәйкес 14-тармақта және көзделген қағидалар тәртібінде көрсетілген құжаттар ұсынылған кезде енгізілетінін хабарлайды.
Қостанай қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия 100 орынды құрайтын «Amanat &K» білім беру кешені (бастауыш мектеп-бөбекжай-балабақша) ЖШС мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға жеткізушілер тізбесіне енгізу туралы шешім қабылдады (арнайы топтардан 92 орын және жалпы білім беру тобында 8 орын, құрылтайшы А.Т.Кузенбаева).
Мемлекеттік білім беру тапсырысының орындалуын игеру үшін білім бөліміне 09.11.2022 ж. бастап «Аяна 2011» ЖШС құрылтайшысы С. К. Бижановадан мемлекеттік тапсырысты 180 орыннан 130 орынға азайту (50 орынға азайту)туралы қолдаухат; «АБВГДейка бөбекжай – бақшасы» ЖШС құрылтайшысының 09.11.2022 ж. № 18 мемлекеттік тапсырысты 90 орыннан 70 орынға (20 орынға азайту) туралы қолдаухат түсті. 2022 жылғы 14 қарашадағы № 36 бұйрыққа сәйкес «Ақ Нұрплюс» балабақшасы ЖШС жеке мектепке дейінгі ұйымы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша өнім берушілер тізімінен алынып тасталды.
31.08.2022 жылғы № 385 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес жас топтарының толымдылығын сәйкестендіруге байланысты «Антошка» балабақшасы» ЖШС жеке мектепке дейінгі ұйымындағы орындар 250 орыннан 240 орынға (10 орынға қысқарту) қысқартылды.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша өткізілген конкурстың қорытындысы бойынша ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Келесі күнтізбелік жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға бұрын мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған, құрамы 24 мемлекеттік бөбекжай-балабақшадан және 46 жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан тұратын мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесі өзектілендірілсін.