Кіру
AA+
AA+

«Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 24 мамырында «Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің контингентін жинақтау» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдардың директорлары және «INDIGO-электрондық балабақша» ақпараттық жүйесіне жауаптылар қатысты.

Семинар аясында мектепке дейінгі ұйымдардағы жаңа топтарды топтау жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттар қаралып, түсіндірілді. «INDIGO-электрондық балабақша» АЖ-да жаңа оқу жылына топтарды жинақтау бойынша жұмыс алгоритмі көрсетілді.

Семинар қорытындысы бойынша «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ережелерді сақтау туралы ұсыныстар берілді.