Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

Жылыту кезеңінде адамдардың қаза болуына жол бермеу және өрт қауіпсіздігінің алдын алуды қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылғы 19 қыркүйектен 2022 жылғы 22 қыркүйекке дейін білім бөлімі Қостанай қаласының Төтенше жағдайлар басқармасымен, Қостанай қаласының полиция басқармасымен бірлесіп кезекті рейдтік іс-шара өткізді.

Қостанай қаласының білім бөлімімен келесі мектептердің 24 отбасы қатысты: №14, 25, 13, 16, 18, 23, 21, 21, 122, 27.

Бару барысында пешпен жылыту, улы газ датчиктері тексерілді.

Комиссия № 14 негізгі орта мектебінің үш отбасына пеш алды парағын орнатуды ұсынды. Сондай-ақ, №23 орта мектеп пен № 16 жалпы білім беретін мектептің екі отбасына ас үй жиынтығын пештен алыс орналастыру ұсынылды. Улы газ датчиктері барған отбасыларында жарамды күйде.

Сонымен қатар, саяжайларға шығу барысында балалардың өмір сүру жағдайлары қанағаттанарлықсыз болған бір отбасы анықталды. Білім бөлімі ата-аналарға 2022 жылдың 23 қыркүйегіне дейін санитарлық нормаларға сәйкес тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын келтіруді тапсырды

Отбасы есепте тұрмайды, толық, көп балалы, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар, кәмелетке толмаған 4 баласы бар. Екі бала № 122 НОМ, бір оқушы № 27 ЖББМ, бір мектеп жасына дейінгі бала оқиды.

Бүгін, ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде қайта шығу жүргізілді, өмір сүру жағдайының жақсарғаны байқалады.

Алдын алу мақсатында білім бөлімімен Қостанай қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның жақын арадағы отырысына іс материалдарын шығару туралы № 122 НОМ, № 27 ЖББМ әкімшілігіне тапсырылды.

Сонымен қатар, ата-аналарға пешпен жылытуды пайдалану ережелері туралы жадынамалар таратылды.

Рейдтік іс-шаралар жалғасуда.

Пешпен жылытылатын үйлерде тұратын қала тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.