Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ ата – аналарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына және білім басқармасының 2022 жылғы 18 наурыздағы № 138 бұйрығына сәйкес Қостанай қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында әлеуметтік осал санаттағы балалардың тегін және жеңілдікпен тамақтандыру мүмкіндігі бар екенін еске салады.
100% мөлшерінде тамақтануға жұмсалатын шығыстарды өтеуге жетім балалар, ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар тәрбиеленушілер және түзету топтарының балалары құқылы.
Көп балалы отбасылардан шыққан балалар, АӘК алушылардың отбасыларынан шыққан балалар және АӘК алушы болып табылмайтын отбасылардан шыққан балалар, бірақ отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен 50% мөлшерінде тамақтану шығындарын өтеуге құқылы.