Кіру
AA+
AA+

Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.121): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/kst-goo.edugov.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы "Қостанай қаласының білім бөлімі" ММ ата – аналарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына және білім басқармасының 2022 жылғы 18 наурыздағы № 138 бұйрығына сәйкес Қостанай қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында әлеуметтік осал санаттағы балалардың тегін және жеңілдікпен тамақтандыру мүмкіндігі бар екенін еске салады.

100% мөлшерінде тамақтану шығындарын өтеуге құқылы:

  • жетім балалар;
  • ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • ерекше білім беру қажеттіліктері бар тәрбиеленушілер;
  • түзету топтарының балалары.

 50% мөлшерінде тамақтану шығындарын өтеуге құқылы:

  • көпбалалы отбасылардан шыққан балалар;
  • АӘК алушылардың отбасыларынан шыққан балалар;
  • АӘК алушы болып табылмайтын отбасылардан шыққан балалар, бірақ отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен.