2023 жылғы 22 желтоқсанда Қостанай қаласында ағымдағы жылғы жұмыс қызметін талдау мақсатында дене шынықтыру әдіскерлерімен облыстық кеңес өтті.
Қостанай облысының дене шынықтыру әдіскерлерінің рейтингтік жүйесінің қорытындысы бойынша 2023 жылы Қостанай қаласының білім бөлімінің әдіскері Шарбану Искаковна Шегенова құрметті I орынға ие болды.
Белсенді жұмысы үшін Шарбану Искаковна Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының өңірлік дене шынықтыру және балалар-жасөспірімдер туризм орталығының төсбелгісімен марапатталды.
Әріптесімізді кәсіби жеңісімен құттықтаймыз! Жұмыста одан әрі табыс тілейміз!