Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

Бүгін балалар шығармашылық мектебінде Қостанай қаласындағы мектеп оқушыларының шыршасы өтті.

Шыршаның қонақтары мен қатысушыларын көшеде аниматорлар мен ертегі кейіпкерлері қарсы алды. Білім басқармасы бастығының орынбасары міндетін атқарушы А.Н.Муканова бүлдіршіндерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. «Балалар, бәрің де болашақта жақсы дәрігер, инженер, ғалым, мұғалім болу үшін міндетті түрде жақсы оқитындарыңа сенеміз. ...Сіздер еліміздің үміті, болашағысыздар», – деді Асия Нуртасовна.

Мереке қатысушыларына Аяз ата, Ақшақар, Қазақ күнтізбесі бойынша жыл нышаны Ұлу және басқа да ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен «Щелкунчиктің жаңа жылдық шытырман оқиғасы» атты театрландырылған қойылым әзірленді. Мерекелік бағдарлама барысында балалар би билеп, ән шырқап, сайыстарға үлкен қуанышпен қатысты. Концерт кезінде балалар үшін күтпеген тосынсый балмұздақ алу болды.

Шараға барлығы 500 бала қатысты. Бірінші топта Жаңа жылды 1-5 сыныптардағы 250 оқушы, ал екінші топта 6-11 сыныптағы  250 оқушы қарсы алды. Жаңа жылдық сыйлықтар шырша қатысушыларына олардың оқу орны бойынша берілді.

Ең таңғажайып мерекеде бірде-бір баланың тыс  қалмауы өте маңызды. Жаңа жыл жер бетіндегі барлық балалар үшін бақыт, қуаныш пен мереке алып келсін!