Кіру
AA+
AA+

Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.132): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/kst-goo.edugov.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

Құрметті ата-аналар! Қостанай қаласының білім бөлімі 1 маусымнан бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына жазғы топтау басталатынын хабарлайды.

Indigo-kst-goo.e-orda.kz веб-порталында балабақшаға жолдаманы электронды түрде алуға болады, ол үшін телефон нөміріңізді ED24.kz қосымшаға тіркеуіңіз керек.

Жолдама алу үшін өзіңіздің жеке кабинетіңізді тексеру қажет: өтініштің өзектілігі, кірудің дұрыстығы, телефон нөмірі және құрылғыға байланыстыру.

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ: Жеке кабинетті оның иесі ғана пайдалана  алады. балабақшаға жолдаманы баланың заңды өкілі (жеке кабинеттің иесі) ғана алуы мүмкін.

Ағымдағы жылдың 31 мамырында «INDIGO-электрондық балабақша» сайтында «орындарды босату ХАТТАМАСЫ»  бөлімінде жаңа оқу жылына арналған мектепке дейінгі ұйымдарға бос орындар жарияланады.

1 маусымнан бастап таңғы сағат 7.00-ден бастап  бірінші өтініш берушілер үшін 3 жұмыс күніне басым қолжетімділік ашылады. Басым қолжетімділік мерзімі аяқталғаннан кейін, яғни 4 жұмыс күніне, сағат 07.00-ден бастап кезегіне қарамастан, барлық өтініш берушілер үшін қалған орындарға қолжетімділік беріледі.

Жолдама беру кезінде балалардың жасы күнтізбелік жылға ескеріледі.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласыңыз: 54-36-14.