Заңнамаға сәйкес, балабақшаларда жазғы жинақтау 2026 жылғы 1 шілдеден басталады.
Осы рәсімге дайындық аясында 2026 жылғы 17 маусымнан 30 маусымға дейін (қоса алғанда) INDIGO порталында келесі функциялар уақытша қолжетімсіз болады:
- ваучерлерді беру;
- балабақшаға қабылдау (егер ваучер «ДДҰ-ға қабылдауда» мәртебесінде болса, қабылдау әдеттегідей 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырыла береді);
- балабақшалар арасында ауыстыру;
- күту парақтарының жұмысы.
Назар аударыңыз:
Егер ата-ана ваучерді алып үлгерсе және оның мәртебесі – «Ваучерді растауда» немесе «ДДҰ таңдауын күтуде» болса, онда 2026 жылғы 1 шілдеден 7 шілдеге дейін ваучерді растау және мектепке дейінгі ұйымды таңдау мүмкіндігі сақталады.
Алайда, 30 маусымға дейін «Қызығушылықты растау» және «Балабақшаны таңдау» батырмалары қолжетімсіз болады.
Жүйемен өзара іс-қимыл кезінде осы ақпаратты ескеруіңізді сұраймыз.



