Құрметті ата-аналар!
Қостанай қаласының білім бөлімі ағымдағы жылдың 5 тамызынан бастап балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жинақтау басталатынын хабарлайды.
Балабақшаға жолдаманы indigo-kst-goo.e-orda.kz веб-порталдан алуға болады.
5 тамызда таңғы 7.00-ден бастап алғашқы өтініш берушілер үшін 3 жұмыс күніне басым қолжетімділік ашылады, 10 тамыздан бастап таңғы 7.00-ден бастап кезегіне қарамастан барлық өтініш берушілер үшін қалған орындарға қолжетімділік беріледі.
Жолдама беру кезінде баланың жасы ағымдағы оқу жылының 1 қыркүйегіндегі толық жас жағдайы бойынша ескеріледі.
Барлық сұрақтар бойынша 54-36-14 телефонына хабарласыңыз.