Құрметті ата-аналар!
Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 417 қаулысы негізінде 2022 жылғы 14 қазаннан бастап Қостанай қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тамақтану үшін ата-ананың ақы төлеу мөлшері ұлғайды және айына:
1 жастан 3 жасқа дейін-15 666 теңге
3 жастан 6 жасқа дейін – 18 298 теңге
Сондай-ақ, Қостанай қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін жеңілдікті және тегін тамақтану қарастырылғанын еске саламыз.
100% тегін тамақтану санаттары бар: жетім балалар (қамқоршылық - патронат), мүмкіндігі шектеулі балалар, логопедиялық және түзету топтарындағы балалар ;
АӘК алушылардың отбасыларынан шыққан балалар, көп балалы отбасылардан шыққан балалар, АӘК алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар 50% жеңілдікпен тамақтанады.
Жеңілдікті және тегін тамақтану мәселелері бойынша ата-аналар мен заңды өкілдер мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілеріне немесе білім бөліміне 54-36-14 телефоны бойынша жүгіне алады.