Сіздердің назарларыңызға мектепке дейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік білім беру қағидаларына сәйкес 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 (ҚР Оқу-ағарту Министрінің 18.11. 2022 жылғы № 231 бұйрығына өзгеріс енгізіле отырып) 4-қосымшаның, 8-тармағына сәйкес балабақшаға қабылдау кезінде ата-аналарға:
- мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға электрондық жолдама (берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жарамды);
- құжат ата-анасының біреуінің немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
- баланың туу туралы куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
- ҚР Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 065/Е нысанды профилактикалық егу картасы;
- ҚР Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бекіткен 027 / е нысанындағы анықтама;
- психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін) қажет.
Бұдан басқа, «Мектепке дейінгі ұйымдарға және балалар үйлеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығының 134 – т. сәйкес балабақшаға түсетін балалар медициналық тексеруден өтеді және тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйым беретін денсаулық паспорты мен денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынады.