Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

Кезекті рейдтік іс-шара өткізілді

2022 жылғы 26 тамызда Қостанай қаласының білім бөлімі қалалық прокуратура, полиция қызметкерлерімен, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиямен бірлесіп кезекті рейдтік іс-шара өткізді.

Білім бөлімінің тұрақты бақылауында тұрған бір отбасына барды.

Отбасы көп балалы, толық емес. Анасы 2021 жылдың 18 қарашасынан бастап «Кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу, оқыту және қолдау жөніндегі міндеттерін орындамайтын, олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-аналар және басқа да заңды өкілдер» ретінде Қостанай қаласының ІІБ есепте тұр.

         «102» пультіне осы отбасында жанжал, алкогольдік ішімдіктерді ішу болып жатқаны туралы бірнеше рет телефон қоңыраулары түскен.

Қазіргі уақытта анасы алкогольдік тәуелділіктен емделді, оны көршілері оң сипаттайды.

         Сондай-ақ, балалар оқитын мектеп әкімшілігі бұл отбасына көмек көрсетеді: оқу процесі кезінде балалар тегін ыстық тамақпен, жазғы кезеңде сауықтырумен, бос уақытын өткізумен қамтамасыз етіледі.

         «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы барысында бұл отбасыға жалпыға бірдей білім беру қорынан оқу құралдары, спорттық костюмдер, кроссовкалар алуға 184 мың теңгеден астам материалдық көмек көрсетілді. 30 мың теңге демеушілік қаражат есебінен аяқ киім, футболка, жейде алынды.

Рейдтік іс-шаралардың қорытындысы бойынша анасымен профилактикалық әңгімелесу жүргізілді, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің балалардың құқықтары, ата-аналардың құқықтары мен міндеттері және осы заңнама бұзылған жағдайда жауапкершілікке қатысты баптары түсіндірілді.

Бұл мәселе білім бөлімі мен қала прокуратурасының ерекше бақылауында тұр.