Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

2022 жылғы 8 қыркүйекте Қостанай қаласының білім бөлімі қалалық прокуратура, полиция қызметкерлерімен, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиямен бірлесіп кезекті рейдтік іс-шара өткізді.

Білім бөлімінің тұрақты бақылауындағы екі отбасына барды.

Барлық отбасылар Қостанай қаласының полиция басқармасында «Ата-аналар және өздерінің кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу, оқыту және бағып-күту жөніндегі міндеттерді орындамайтын өзге де заңды өкілдер, олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін» ретінде есепте тұр, есепке қою себебі: ата-аналар мен жақын туыстардың тұрмыстық жанжалы.

Отбасылардың бірі полиция басқармасында 22.09.2021 жылдан 22.09.2022 жылға дейін есепте тұр.

 Есепте тұрған уақытында осы отбасына 4 рейдтік іс-шара жасалды. Алдын алу жұмыстарының қорытындысы бойынша отбасында оң динамика байқалады, тұрмыстық қақтығыстар бұдан былай байқалмады.

Отбасылардың бірі атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылады.       

№ 11 ЖББМ әкімшілігі көмек көрсетеді: оқу үдерісі кезінде балалар тегін ыстық тамақпен, жазғы кезеңде сауықтырумен, бос уақытын өткізумен қамтылған.

         «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы барысында бұл отбасына «Жалпыға міндетті оқу» қорынан 114 мың теңге сомасына мектеп киім, мектеп керек-жарақтарын сатып алуға материалдық көмек көрсетілді.

Рейдтік іс-шаралардың қорытындысы бойынша отбасылармен профилактикалық әңгіме жүргізілді, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің балалардың құқықтары, ата-аналардың құқықтары мен міндеттері және осы заңнама бұзылған жағдайда жауапкершілікке қатысты баптары түсіндірілді.

Бұл мәселе білім бөлімі мен қала прокуратурасының ерекше бақылауында тұр.