Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

Бүгін №115 ЖББМ базасында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері арасында қалалық «Ханталапай» балалар сайысының ақтық ойынының финалдық кезеңі өтті.  Финалдық ойынға Қостанай қаласының 16 мектепке дейінгі ұйымынан 80 тәрбиеленуші қатысты. Сонымен қатар, іс-шараның құрметті қонақтары «Асық ату» федерациясы республикалық  қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалының төрағасы Каршалов Қ.Т. және асық атудан Қазақстан Республикасының спорт шебері Жиеналин С.Т.қатысты. 

         Қазылар алқасы қалалық балалар байқауының қорытындысын шығарды, оның жеңімпаздары:

         Бас жүлде -№61 бөбекжай-балабақша (76 ұпай);

         І орын – №3 (75 ұпай) және №44 (75 ұпай) балабақшалары;

ІІ орын -№15 (73 ұпай), «Әйгерім-Ай» (73 ұпай), №8 (71 ұпай) және №11 (70 ұпай) балабақшалары;

 ІІІ орынға №16 (67 ұпай), №17 (66 ұпай), №14 (66 ұпай) және «Бөбек» балабақшалары (61 ұпай) ие болды.

         Жеңімпаздар Қостанай қаласының білім бөлімінің және «Асық ату»  федерациясы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалының грамоталарымен марапатталды. Сондай ақ, Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің медальдары табыс етілді.

 Сайыс жеңімпаздарын құттықтаймыз!