2023 жылдың 13 ақпанында №21 жалпы білім беретін мектеп базасында «Ханталапай» қалалық балалар байқауының іріктеу кезеңі өтті. Байқауға қаланың 27 мектебінің мектепалды сыныбының 115 тәрбиеленушісі қатысты.
Байқаудың мақсаты қазақ халқының ұлттық ойындары арқылы балалардың ептіліктерін, тапқырлығын, логикалық ойлауын дамыту болып табылды. Балалар өз өнерлері мен қабілеттерін «Омпы», «Үш асық», «Тас қала» ойындарында көрсете білді. Жарыс өте қызықты және спорттық ынтамен өтті.
Бүгінгі ойынның нәтижесінде балалар мадақтамалар мен сыйлықтар тапсырылды. Ең жоғары ұпай жинағандар (Ә.Бөкейхан атындағы ЖББМ, №20 ЖББМ -31 балл, №115 ЖББМ және №4ЖББМ-30 балл, №10 ЖББМ -29 балл, №18МГ және №19 ЖББМ-28 балл, №15ЖББМ-27 балл, №9 ЖББМ -26 балл, №17 ЖББМ-25 балл) байқаудың финалына өтті