Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

Ағымдағы жылдың 17 наурызында № 69 бөбекжай-балабақша базасында КЖБИ шағын ауданында тұратын балабақша тәрбиеленушілері үшін «Ханталапай» қалалық балалар конкурсының кезекті кезеңі өткізілді. Осы кезеңге Қостанай қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының 75 тәрбиеленушісі қатысты.

«Ханталапай» балалар байқауы мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ халқының ұлттық мәдениетіне жақындауға, халық ойындарының рухына бөленуге бірегей мүмкіндік берді.

Іріктеу турының қорытындысы бойынша конкурстың финалдық кезеңіне мектепке дейінгі ұйымдардың келесі командалары шықты:

 “SWEET BABY” бөбекжай-бақшасы -35 балл;

  №7 бөбекжай-бақшасы -33 балл;

№12 бөбекжай-бақшасы -32 балл;

№69 бөбекжай-бақшасы -30 балл;

№27 бөбекжай-бақшасы -26 балл.

Байқауға қатысқан барлық қатысушыларға грамоталар берілді.

Конкурс жеңімпаздарын құттықтаймыз! Жоғары жеңістер тілейміз!