2023 жылдың 23 ақпанында №115 ЖББМ мектепалды даярлық сыныптарының балалары арасында «Ханталапай» қалалық балалар сайысының финалдық ойыны өтті. Финалдық ойынға Қостанай қаласының 10 мектебінен 50 тәрбиеленуші қатысты.
«Ханталапай» ойыны жас азаматтардың бойында жалпыадамзаттық құндылықтарды, отансүйгіштікке, толеранттылыққа тәрбиелеуді қалыптастырады.Сонымен қатар, балаларды ұлттық спорт түрлерімен таныстырады.
Қалалық балалар сайысының қорытындысы бойынша келесі мектеп командалары жүлделі орындарға ие болды: I орын – №115 ЖББМ (65 ұпай), II орын – №9 ЖББМ (59 ұпай), III орын – №20 ЖББМ (56 ұпай) және №10 ЖББМ (56 ұпай).
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Сіздерге алдағы уақытта да жеңістер тілейміз!