Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

«Ханталапай» ойынының іріктеу туры

Ағымдағы жылдың 15 наурызында №17 бөбекжай-бақшасының базасында КСК шағынауданында орналасқан балабақшалар арасында асық атудан «Ханталапай» қалалық балалар байқауының іріктеу туры өткізілді. Іріктеу турына 16 балабақшадан 80 бүлдіршін белсене қатысты.

«Ханталапай» ойны тәрбиеленушілердің ептілігін, тапқырлығын, зияткерлік ойлауын, командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға ықпал етті. Іріктеу турында «Айгерим-ай» жеке меншік балабақшасының бүлдіршіндері (43 ұпайымен) I орынды, №14 балабақшасы (35 ұпайымен) II орынды, «Бөбек» жеке меншік балабақшасының балалары (31 ұпайымен) III орынды, №6 балабақшасының тәрбиеленушілері (26 ұпайымен) IY орынды жеңіп алды.

Өте жақсы нәтиже көрсеткен тәрбиеленушілер:

«Айгерим-ай» б/б Мухамедов Исмаил-10 ұпай (Омпы ойнында -3 ұпай, «Үш асық»-4 ұпай, «Бес асық»-3; «Айгерим-ай» б/б Бирич Дария-10 ұпай (Омпы ойнында -1 ұпай, «Үш асық»-6 ұпай, «Бес асық»-3; №14 б/б Мамедов Сұлтан-13 ұпай (Омпы ойнында -3 ұпай, «Үш асық»-6 ұпай, «Бес асық»-4); «Бөбек» б/б Ципулин Егор -11 ұпай (Омпы ойнында -1 ұпай, «Үш асық»-6 ұпай, «Бес асық»-4; №6 б/б Алдияров Төрехан-10 ұпай («Үш асық»-6 ұпай, «Бес асық»-4).

Іріктеу турындағы жеңістеріңізбен құттықтаймыз.