Кіру
AA+
AA+

          Бүгін №21 жалпы білім беретін мектепте Халықаралық спорт күніне арналған «Кіші олимпиада ойындары»  спорттық іс-шарасының салтанатты ашылуы өтті.  Іс-шараға 100-ден астам адам, оның ішінде қалалық, облыстық және республикалық жарыстардың жүлдегері спортшылар қатысты.

          Бұл іс-шара мектепте алғаш рет өткізіліп отыр, оны жыл сайын өткізу жоспарлануда. А.ж. 3-7 сәуір аралығында мектепте сыныптар арасында түрлі спорттық жарыстар, сондай-ақ БЖСМ-нің белгілі жаттықтырушыларын шақыра отырып, салауатты өмір салты бойынша мектеп оқушыларының дөңгелек үстелдері өткізілетін болады. Ал бұл іс-шара мектептің үздік спортшыларын марапаттаумен аяқталады.