Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" ММ әдістемелік кабинетінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 24 наурызы мен 03 сәуірі аралығында кітап бұрышын ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін анықтау, үздік педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату мақсатында "Кітап калейдоскопы" Республикалық конкурсының қалалық кезеңі өткізілді.
Қазылар алқасының мүшелері байқау ережесіне сәйкес балалар көркем әдебиетімен танысу арқылы коммуникативтік дағдыларды дамытуға, тәрбиеленушілердің ойлау қабілеттерін қалыптастыруға, есте сақтау мен қиялын дамытуға, сөздік қорын толықтыруға ықпал ететін үздік кітап бұрыштарын анықтады.
«Кіші топ балаларына арналған кітап бұрышы» блогында:
1 орын: « № 17 бөбекжай»
2 орын: «№ 4 бөбекжай »; «Swet baby» бөбекжайы;
3 орын: «№ 15 бөбекжай» ; « № 44 бөбекжай»; «Антошка» бөбекжайы.
«Ересек балаларға арналған кітап бұрышы» блогында:
1 орын: «№ 15 бөбекжай»
2 орын: «№ 4 бөбекжай»; « № 16 бөбекжай»;
3 орын: «№ 54 бөбекжай»; « Мерей» бөбекжайы, «Ясмин» бөбекжайы.
Конкурстың қалалық кезеңінде «Кіші топ балаларына арналған кітап бұрышы» блогында және «Ересек балаларға арналған кітап бұрышы» блогында бірінші орын алған жұмыстар байқаудың облыстық кезеңіне қатысуға бағытталады.
Байқаудың қалалық кезеңінің жеңімпаздарын құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, шабыт және жаңа жеңістер тілейміз!!!