Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің “10 жалпы білім беретін мектебі” КММ – де «Әлемді тек ғылым ғана өзгертеді» тақырыбында биология және химия пәндерінің онкүндігі өткізілді. Онкүндік барысында оқушылдардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында көптеген іс – шаралар өткізілді.

Әдістемелік бірлестік құрамындағы химия пәнінің мұғалімдері Канапиянов Канат Заманбекович пен Дильмагамбетова Асем Амирбековна, биология пәнінің мұғалімдері Нургалиева Наурызгуль Фазылжановна мен Кәкімова Баян Дулатқызы онкүндік барысында ашық сабақтар, сыныптан тыс сабақтар және үзіліс уақытында көптеген тәжірибелер мен ойындар өткізді.

Атап өтетін болсақ, көшеттерге гүл отырғызу, сүт өнімдерінің пайдасы, темекінің өкпеге әсері және пазлдарды құрастыру сияқты ойындар мен тәжірибелік жұмыстар оқушыларға өте қызықты әрі пайдалы болды. Барлық сабақтардың өту барысында мұғалімдер оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында АКТ-ны, жаңартылған білім мазмұны бойынша түрлі белсенді әдіс тәсілдерді пайдаланып отырды.

Жалпы, ашық сабақтар мен сыныптан тыс сабақтар мақсатқа сай, жоғары деңгейде өткізілді. Сонымен қатар, апталықтың соңғы күні мұғалімдер үшін «Сабақтарда STEM оқыту технологиясын пайдалану» тақырыбында коучинг өткізілді.

Апталықтың жабылу салтанатында белсенді атсалысқан оқушылар мақтау қағаздарымен қоса бағалы сыйлықтарға ие болды.