Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына және білім басқармасының 2022 жылғы 18 наурыздағы № 138 бұйрығына сәйкес Қостанай қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында әлеуметтік осал санаттағы отбасылардан шыққан балаларды тегін және жеңілдікпен тамақтандыру мүмкіндігі туралы ата – аналарға еске салады.
Ата - анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, сондай-ақ санаториялық балабақшалардың, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тәрбиеленушілер үшін тамақтануға арналған шығыстарды 100% мөлшерінде өтеуге құқылы. Көп балалы отбасылардан шыққан балалар мен атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар тамақтану шығыстарын 50% мөлшерінде өтеуге құқылы болады.
Бұл үшін ата-аналар немесе тәрбиеленушілердің заңды өкілдері мектепке дейінгі білім беру ұйымына келесі құжаттардың бірін қоса бере отырып, еркін нысандағы жазбаша өтінішпен жүгінеді.
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар – өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растау туралы анықтама (бұл анықтама «электрондық үкімет» порталы «әлеуметтік қамсыздандыру»- «отбасыларға көмек» -«өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» басты бетіндегі қойынды өтініш берушінің ЭЦҚ арқылы беріледі);
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар – алған табыстары туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы, кәсіпкерлік қызметтен және өзге де қызметтен түскен табыстары, 2007 жылғы 20 желтоқсандағы № 100-ден 2008-жылға дейінгі аралықта) алимент нысаны және басқа да асырауындағы адамдар) - жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасы балалары үшін.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсетуге қаражат тағайындауға өтініш берген кезге дейін (өтініш берген айды қоса алғанда) жыл басынан бастап айлардың санына және отбасы мүшелерінің санына табыстар сомасын бөлу жолымен айқындалады. Жан басына шаққандағы орташа табысты есептеу кезінде отбасы құрамында ата-аналар (өзге де заңды өкілдер) және олардың асырауындағы 18 жасқа толмаған балалар ескеріледі (ҚР Үкіметінің 12.03.2012 № 320 қаулысының 6-тармақтың 5,6-тармақшалары);
- Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балалар – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, адамдар санаты үшін отбасыларда тәрбиеленетін балаларға қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі (қорғаншылықты тағайындау туралы білім беру бөлімі бұйрығының көшірмесі, баланы патронаттық тәрбиелеуге немесе баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарттың көшірмесі);
- Даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер - (мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі немесе даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған психологиялық – медициналық-педагогикалық консультацияның медициналық қорытындысының көшірмесі, ҚР Үкіметінің 12.03.2012 ж. № 320 қаулысының 2-тармағының 2-тармақшасы, 6-тармағының 3-тармақшасы);
- Көп балалы отбасылардан шыққан балалар - (ҚР Үкіметінің 12.03.2012 ж. № 320 қаулысының 6 тармағының 1 тармақшасы, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері).
Ұйым қажетті құжаттармен бірге өтініш келіп түскен күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде оларды қарайды және әлеуметтік көмек көрсету немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды. Азаматтардың әлеуметтік көмек алудан бас тартуы өтініш берушінің жалған ақпарат беруі болып табылады.