Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

Қостанай қаласындағы «Аэропорт» шағын ауданында 2019 жылдың жаңа оқу жылында ашылған №29 аралас мектебі ҚР Үкіметінің «Қостанай қаласының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру және атауын өзгерту туралы» 2022 жылғы 21 қыркүйектегі №714 қаулысына сәйкес, Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебі болып бекітілді.

Бабаларымыз аңсаған асқақ арманға, ұлы мұратқа бүгінгі күні ұрпақтар қол жеткізіп, тәуелсіздік арқасында, нық сеніммен алға басып келеміз. Ұлы тұлғамыз Ә.Бөкейханның құрметіне қойылған ескерткіш-мүсінің салтанатты түрде ашу құрметі А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ ф.ғ.докторы, профессор, қоғам қайраткері Қ.Х.Жақып  пен  Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мұражайының директоры М.Б.Оспановқа ұсынылса, құттықтау сөз кезегі: Қостанай облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Г.Е.Мендикенова мен ҚББ әдіскері Ж.Д.Жумагуловаға беріледі.

-Жастайынан Алашты оқып, Алаштықтардың тағдырын жеті атасындай біліп өскен баланың ой өрісі бөлек, танымы кең, мінезі ұстамды, ерік-жігері мықты, сауатты болары хақ. Әлихан Бөкейхан атауының мектебімізге берілгені біз үшін үлкен мақтаныш, жауапкершілік, - деп сөз алды, мектеп басшысы Ж.А.Кушанова.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық бөлімінде сөз алған: тарихшы А.Кадыржанұлы, (А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы) Т.Т. Жандәулетов, (Тарих ғ.к, тарих және қоғамдық ғ.академигі, қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті) Ж.А.Шәукенов, (Әулиекөл ауданы Чернышев жббм-нің директоры) Д.Т.Мукышева. Қостанай қаласындағы тарих пәнінің мұғалімдері секциялық жұмыстарға қатысты. Рудный қаласынан, Качар селосы мен Әулиекөл ауданынан келген қонақтарға мектеп іргесінен ашылған көрмеде тәжірибелі мұғалімдердің, дарынды оқушылардың жұмыстары мен жетістіктері жайлы таныстырылды. «Абақты» көрініс қойылымынан кейін, М.Жұмабаев «Мен жастарға сенемін», С.Торайғыров «Алаш ұраны», Қ.Сариннің «Тәуелсіздік» атты өлеңдерін оқушылар нақышына келтіріп оқыды. Сахна төрінде «Favorite» би ансамблі өнер көрсетсе, күй әуендері ойнатылып, «Жұлдыз» тобының әндері тыңдалды. Д.Мустафина Абай атамыздың «Желсіз түнде жарық-ай» әні мен Д.Акжолованың «Симфониялық» пьесасына қонақтар шынайы алғыстарын білдірді.
Кештің қорытындысында «Қостанай қаласы білім бөлімі» ММ-нің басшысы Г.Әділханқызының атынан қонақтар мен бірқатар мұғалімдерге алғыс хаттар табыс етілді. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!

             Жанар Жумагулова
             Әдіскер-зерттеуші
             Қостанай қаласы