Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

«Ұлттың  Ұлы  ұстазы» 
Биылғы 2022 жыл-Ұлтымыздың ұлы ұстазы,қазақтың рухани көсемі,көрнекті қоғам қайраткері,кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері,әдебиет зерттеушісі,тюрколог,дарынды ақын- аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толған мерейлі жыл.Алаш ардақтысының 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтпек.
      Қазіргі  таңда Қостанай қаласының білім беру ұйымдарында Ахмет Байтұрсынұлына  арналған  түрлі  іс шаралар  өтуде. Бүгін  № 11  жалпы білім беретін мектебінде  қаза тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімдері бірлестігінің ұйымдастырумен «Ұлттың  Ұлы  ұстазы» деген  тақырыппен дөңгелек үстел өтті.
Құрметті қонақтарымыз: ақын-жазушы қазақ радиосында,республикалық «Жалын» баспасында бөлім меңгерушісі,А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің аға оқытушы,кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған,халықаралық «Алаш» әдеби  сыйлығының лауреаты А.Байтұрсынов атындағы Қостанай  өңірлік университетінің  профессоры Серікбай  Оспанұлы,А.Байтұрсынов  атындағы өңірлік университетінің қауымдастырылған профессоры,филология  ғылымдарының  кандидаты Мырзағалиева  Күлзада Мешітбайқызы, ахметтанушы Ибраһим Ағытайұлы және арнайы шақырылған қонақтар қатарында  ҚББ –нің әдіскері Жумагулова Жанар Дуйсембайқызы, "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру бөлімінің әдіскері Иманкулов Ермек Асқарұлы қатысты.
А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар әлі де өз жалғасын табатынын мектеп басшысы Айбек Базаралыұлы айтып өтті. 
Кезде сол ғасыр беті жаңа ашылған, 
Бұл қазақ кемдік көрген жанашырдан.
«Алашым, ұйқыңды аш» деп ұран салды 
Бір арыс ел бағы үшін жаратылған,- дегендей, киелі Торғай  жеріндегі Ахмет пен  Мыржақып аталарымыздың әдеби  мұражайына  саяхат ретінде түсірілген арнайы видео түсірілімді тамашалап,одан әрі оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, Ахмет атамыздың өлеңдерін оқып,күй тартылып,көрініс көрсетіліп,нақыл сөздері оқылды,келген қонақтарға оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды.
Ахмет Байтұрсынұлы -еңбегі жанған жанның бірі. Жасаған еңбегінің жемісі-соңынан келе жатқан жастар. Жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, Ахмет Байтұрсынұлының ақын,публицист,ғалым,қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі,тартқан қорлық,көрген азабы,болашаққа сенген үміт-арманы баршасы ұлы миссияны орындауға,туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтықсыз жасаған қызметін біз жас ұрпақ ешқашан ұмытпаймыз! 
Ахмет Байтұрсыновтың  өмірбаянын зерттеп жүрген,ғылыми еңбектерін насихаттап жүрген аға буын,орта буын азамат пен азаматшалардың және талантты оқушылар мен мұғалімдердің басын қосқан дөңгелек үстелде Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тарихында алатын орны жайлы тағылымды әңгіме өрбіді.(ҚББ әдіскері Ж.Д.Жумагулова)