2022 жылдың 25-ші қарашасында «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№61 бөбекжай» базасында «Ұлттық құндылықтар негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың жеке қасиеттерін адамгершілік ,коммуникативтік дағдыларын жетілдіру» тақырыбында қалалық ортаңғы топтарының әдістемелік бірлестігі өтті.
Музыка жетекшісі тәрбиеленушілермен бірге педагогтарды музыкалық сәлемдемемен қарсы алды.
Қалалық әдістемелік бірлестіктің жетекшісі Испаева Бибигуль Куанышевна тәрбиешілерды мектепке дейінгі білім беру бағдарламадағы өзгерістермен, әдістемелік бірлестіктің жылдық жоспарымен таныстырды .
Тәрбиеші Молдагалиева А,К. инновациялық технологияларды қолдана отырып «Отан отбасынан басталады» атты кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізді.
Әдістемелік бірлестіктің отырысы барысында Тәрбиешілер Жумабаева А,К және Ибраева Ж.А. өз тобындағы балаларын қатыстырып «Қонақ күту» с/р ойын көрсетті.
Тәрбиешілер Сулейменова А.А және Даулетова Г.К «Ұлттық құндылық – тәрбие көзі» көрме көрсетіп тәжірибесімен бөлісті.
Жантанушы Дусмагамбетова К.М МО отырысына қатысқан педагогтармен рефлексия «Тәрбиешілер арасындағы мәдени қарым-қатынас»
Әдістемелік бірлестік отырысының қорытындысы бойынша жұмыстың негізгі бағыттары аңықталды,пікір алмасылды.