Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

"Қостанай қаласының білім бөлімі" ММ-нің жұмыс жоспарына сәйкес  М.Хәкімжанова атындағы  №20 жббм-де "Ұлтына ұлағат қалдырған тұлғалар" тақырыбында  заңғар жазушылар  Ғ.Мүсірепов пен Ғ.Мұстафиннің 120 жасқа толу құрметіне арналған  қостанайлық ақын-жазушылармен тағылымды  кездесу кеші өтті.Ғабиден атамыздың туған жері кеншілер елінен Қарағанды қаласын және  ынтымақтастық  қарым-қатынас  орнату мақсатында  Павлодар,Көкшетау  қалалық білім беру ұйымдарын ZOOM платформасы арқылы байланысқа шақырылды.  
Қазақ халқының көрнекті жазушылары "Қос Ғабеңнің" өмірі мен шығармашылығын    насихаттау мақсатында өңіріміздің Серікбай Оспанов,Ақылбек Шаяхмет есімді белгілі ақын-жазушыларымыз тағылымды кештің құрметті қонақтары болды.ҚББ әдіскерлері  Ж.Д.Жумагулова,А.Е.Иманкулов,№27 жббм-нің м.а.директоры К.Б.Мурзабекова қатысып отырды.
 Кеш барысында З.Әкімжановтың "Заңғар" өлеңі оқылды.Қос Ғабеңге арналған іс-шаралардан   бейне фильм көрсетілді. 
Қонақтарымыз ой толғап, Қос Ғабең  шығармашылығын талдады.
Негізінен Ғабит Мүсірепов пен  Ғ.Мұстафиннің 120  жылдығына  арналған іс-шара №27 жббм-де бастау алған болатын.Қос бәйтерегіміздің құрметіне "Қара сөздің қас шебері" байқауында "Прозалық  шығармадан үзінді оқу" номинациясы бойынша І орынды  иеленген  Г.К.Боранова "Ана" тақырыбындағы шығармаларының бірі "Ананың  анасы" әңгімесінен үзіндісін нақышына келтіріп айтып берсе,"Қос көрнекті жазушыларымызға арнау өлеңдер шығару" номинациясы бойынша І орын алған №27 жббм-нің тіл маманы Н.М.Қасым "Қос бәйтерек" арнау өлең ін домбырамен орындап берді.Осы мектептің түлегі Р.Сейтқан ұрпақтар сабақтастығын   ұштастыру бағытында арнау өлеңдерімен ортаға  шақырылды.
Тағылымды кездесу соңында кеш қонақтары  кезінде Ғабеңнің қалауымен жазылған "Қызқарағай" әнін    музыка  пәнінің  мұғалімі Г.О.Ибраеваның орындауында тыңдады.
Бірінші болып социалистік Еңбек Ері алтын жұлдызымен марапатталған белгілі драматург,мемлекет және қоғам қайраткері Ғабит Мүсірепов пен Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Ғабиден Мұстафиннің 120 жасқа толуына орай  ұйымдастырылған тағылымды кештен естелік ретінде мектеп басшысы К.Б.Шинбулатова қонақтарға Күләш Байдалы апамыздың "Бұл-сен емес!" кітабын сыйға тартты.  Заңғар жазушыларымыз жайлы тұщымды да,қызықты тағылымы мол әңгімелер өрбіді.Қос қаламгер Ғабиден Мұстафин мен Ғабит Мүсірепов жақын дос болғанын ақпарат беттерінен білеміз.Кездейсоқтық болуы да мүмкін, екеуі де бір жылы туып, бір жылы дүниеден өтті.Шығармашылық жолда да қатар жүрді.
Бүгінгі кешіміздің қонағы болған қос ақын-жазушы, ғалым Серікбай Оспанов,Ақылбек Шаяхмет есімді ағаларымызға толағай шығармашылық табыстар тілейміз! (ҚББ әдіскері Ж.Д.Жумагулова)