«Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ-нің 2023 жылдың 27 сәуіріндегі №06-11/1641 хатына сәйкес қалалық білім беру ұйымдарының арасында Мағжан Жұмабаевтің 130 жылдығына орай «Мағжандай ақын боламын мен...» атты мәнерлеп оқу облыстық байқауының І қалалық кезеңі 7-8 сынып оқушылары арасында онлайн форматта өтті.
№28 мектеп-гимназиясының ғимаратында ZOOM платформасы арқылы сырттай байқауға елуге жуық өтінім мен материалдары түскендігі, ереже мен бағалау критерийлеріне жанаспайтын кемшіл тұстарына алдағы уақытта мұқият болу керектігі айтылды.
Жалынды ақын Мағжан Жұмабаев шығармашылығы арқылы оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген ықыласын арттыру мақсатында өткен байқауда 14 қатысушы жүлдегер атанды. Жүлделі орыннан көрінген қазақ сыныптары бойынша:
З.Серикбай (Ә.Бөкейхан ат.жббм);
А.Балғина (С.Мәуленов атындағы гимназия), Н.Ғабдымажит (Чапаев негізгі орта мектебі);
С.Ергелді (№28 мг),Н.Бурткумбаев (№15 жббм),т Д.Хасенова (М.Хәкімжанова ат.№20 жббм);
Орыс сыныптары бойынша:
А.Кожамяко (№8 жббм);
З.Мораш (№30 жббм), Д.Крестьяненко (ГМГ), Ж.Сагадиева (№11 жббм);
А.Абилов (ФМЛ), А.Балабина (№14 ном), М.Нурахметова (№19 жббм), Шәріп Ясмин (№3 мг).
Әділқазылар алқасының шешімімен жүлделі І, ІІ орын алған оқушылар облыстық кезеңге жолдама алды.