2022 жылдың 07 желтоқсанда 3-бөбекжайы базасында «Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ тілін үйретуде интелектуалды дамытушы ойындардың қызметі» тақырыбы бойынша мектепке дейінгі қазақ тілі мұғалімдері әдістемелік бірлестігі өткізілді.
Әдістемелік бірлестік барысында 3 бөбекжайы қазақ тілі мұғалімі Наурызбай Аягоз Абайқызы «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойының орыс тілінде оқытылатын «Балапан» мектепалды тобымен көрсетті.
Қазақ тілі мұғалімдеріне мектеп жасына дейінгі балаларды ерте кәсіптік бағдарлау бойынша көрме ұсынылды.
Әдістемелік бірлестікте 40,16,69 бөбекжайының қазақ тілі мұғалімдері Брахметова С.М. Койшибаева Г.Ш., Макаева Ж.А жаңа бағдарламаны талдап, өз тәжірибелерімен бөлісті.
ӘБ отырысының қорытындысы бойынша пікір алмасты.