Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

2022 жылдың 22-ші қарашасында «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№5 бөбекжай»  базасында «Мектепке дейінгі  балалардың ерекшеліктері мен  мүмкіндіктерін  ескеру арқылы  ойын іс-әрекетіне баулу» тақырыбында қалалық  ересек топтарының  әдістемелік  бірлестігі өтті.
 Музыка жетекшісі Жалекешева А.У. тәрбиеленушілермен бірге  педагогтарды  музыкалық сәлемдемемен  қарсы алды.
 Тәрбиеші Қайрат Д.Қ.заманауи  инновациялық технологияларды  қолдана отырып,кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізді. Сонымен қатар тәрбиеші Дамира Қайратқызы  мектепке дейінгі балалардың  ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін  ескеру арқылы қызықты ойын әрекеттеріне балаларды қызықтыра білді.
 Әдістемелік  бірлестіктің отырысы барысында  әдіскер Еслямова Д.Т. өз тәжірибесімен бөлісті. Бөліскен тәжірибесінде тәрбиешілерге арналған  нейрожаттығулар кешенің ұсынды және де арнайы мектепке дейінгі 3-5 жастағы балаларға арналған «Мен және нейрожаттығу» кабинетімен таныстырды.
 Тәрбиеші Баксимова Л.К. тәрбиешілерге арнап түрлі көңілді ойындар ұйымдастырды.Әдістемелік  бірлестік отырысының  қорытындысы бойынша  жұмыстың негізгі  бағыттары аңықталды,пікір алмасылды.