2022 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шараларының медиа жоспарының кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың 31 қазанында «Антошка» балабақшасының базасында «Мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін сақтау» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың директорлары және «INDIGO-электрондық балабақша» ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалар қатысты.
Семинар аясында «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша нормативтік-құқықтық құжаттар қаралды және түсіндірілді.
Сонымен қатар, балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау кезінде ережелерді сақтау туралы ұсыныстар берілді.