Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" ММ 2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімнің өткізілетіні туралы хабарлайды.
Өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға конкурстық құжаттаманы ұсынуы Қазақстан Республикасы Оқу ағарту Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына сәйкес «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларында көзделген.
Конкурсқа қатысуға өз қызметінің басталғаны туралы білім беру саласындағы уәкілетті органды хабардар еткен және мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға өтінім берген мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау конкурстық рәсімдерді өткізу туралы хабарландыру орналастырылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі ұйымдар басшы қол қойған және мөрмен расталған құжаттарды Білім беруді басқару органдарының ҚҚҚБ-нің
1) Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) Мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймешесінің және дауыстық хабарландырудың бар болуы жөнінде ақпарат;
3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;
4) Штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;
5) Ғимаратты/үй-жайды жалдау шартының көшермесі (бар болса).
Құжаттарды электрондық форматта ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда көрсетілген құжаттарды мектепке дейінгі ұйым білім беруді басқару органдарының ҚҚҚБ -не қағаз форматта мына мекенжайға ұсынады: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" ММ, Қостанай қ., Байтұрсынов к-сі, 67-үй, 401 кабинет 2023 жылғы 29 қарашадан 01 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімде әр жұмыс күні сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін.
Комиссия мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер ("электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz) арқылы мынадай құжаттардың барын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады:
1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заң) сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар;
2) Медициналық қызметке лицензиялар;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамалар, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар;
4) "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 29/қе бұйрығына (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының нормативтік құқықтық актілерді тіркеу № 28566 тізілімінде болып тіркелген) сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (бұдан әрі - санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды);
5) Конкурсқа құжаттарды тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есеп бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8(7142)54-27-20 телефоны арқылы алуға болады.
Басшы Г.Уразбаева
Орынд.:Меден Т.
54-27-20