Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ (Қостанай қаласы, Байтұрсынов көшесі, 67-үй) жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа өтінімдер қабылдау туралы хабарлайды. Әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері (тиісінше ресімделген сенімхат болған кезде) конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурсты ұйымдастырушының кеңсесіне немесе тапсырысты пошта байланысын пайдалана отырып мына мекенжай бойынша: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ, Қостанай қаласы, Байтұрсынов көшесі, 67-үй, № 421 кабинет, 2022 жылғы 7 сәуірден бастап 27 сәуірді қоса алғанда әр жұмыс күні сағат 9-00-ден 18-00-ге дейінгі мерзімде ұсынады.
Өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға конкурстық құжаттаманы ұсынуы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне, сондай-ақ Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларында көзделген (2022 жылғы 17 қаңтардағы өзгерістер және толықтырулармен).
Конкурсқа қатысуға өз қызметінің басталғаны туралы білім беру саласындағы уәкілетті органды хабардар еткен және мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға өтінім берген мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.
Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына өтініш;
2) заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі, мектепке дейінгі ұйымдардың жарғысы, банктен берешектің жоқ екендігі туралы анықтама, салық органынан құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімнен ерте емес күні бар берешектің жоқ екендігі туралы анықтама;
3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру үшін пайдаланылатын жылжымайтын мүлікке (меншікті немесе жалға алынған) құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі;
4) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22004 болып тіркелген) (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығы)санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі;
5) медициналық кабинетке лицензияның немесе бекіту орнын ескере отырып, емханамен қызмет көрсетуге арналған шарттың болуы туралы көшірмесі;
6) өнім берушінің балаларды мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қабылдау туралы міндеттемелері тек қана Республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің жолдамасы бойынша, тамақтану үшін белгіленген төлемақы мөлшері бойынша заңға сәйкес жүзеге асырылады. Өнім беруші осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес міндеттемелер нысанын толтырады;
7) педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің мемлекеттік үлгідегі білімі туралы құжаттарының көшірмелері.
Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысы қол қояды, мөрмен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8(7142)54-27-20 телефоны бойынша алуға болады.