Бүгінгі күні мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың инновациялық әдістерін дамыту бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өкілдері Қостанай қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдарды : №3, 17 бөбекжай, « Amanat & K » ЖШС білім беру кешенін аралады .
Жиын барысында облыстық және қалалық инновациялық алаңдардың жұмысы көрсетіліп, оқу-әдістемелік әзірлемелер таныстырылды, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған білім беру кешенінің тұсаукесері ұйымдастырылды.
Бұдан әрі ҚБШМ базасында Астана, Лисаковск, Рудный, Қостанай қалалары мен Қостанай ауданының әріптестерінің жұмыс тәжірибесі ұсынылды.
№3, 17 және "Amanat & K" бөбекжайларының қызметтерінің нәтижесі Астанададан келген әріптестерімізбен оң бағаланды. Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар одан әрі ынтымақтастық туралы шешім қабылдады.