Мектепке дейінгі және мектептегі білім берудің сабақтастығы.
2022 жылғы 7 желтоқсанда мектеп және балабақша басшылары, әдіскерлер мен меңгерушілер, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары мен бастауыш сынып мұғалімдері үшін «Мектепке дейінгі және мектептегі білім берудің сабақтастығы: тәжірибе шеберханасы» тақырыбында І Республикалық Форум өтті. Аталған форумның ұйымдастырушысы Павлодар облысының Білім басқармасы және білім беруді дамытудың Инновациялық орталығы.
ҰБТ «Мектепалды дайындық мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш мектептің сабақтастығының факторы ретінде» секциясы шеңберінде жұмыс тәжірибесімен № 54 б/б әдіскері Е.А. Захарова «Балабақша мен мектептің сабақтастығы білім беру сапасын арттырудың шарты ретінде"тақырыбы бойынша бөлісті. Идеядан-ақиқатқа ... («Мектепке барғым келеді» тәжірибеге бағытталған жоба).
«ХХІ ғасырдың құзыреттілігін дамытуға бағытталған тиімді тәсілдер мен инновациялық технологиялар» секциясы аясында № 12 қазақ тілі мұғалімі А.А. Садықова «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру деңгейлерінің сабақтастығы» жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Сондай-ақ, форумға Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметкерлері, ЖОО ғалымдары, облыстық, қалалық,аудандық әдістемелік орталықтардың,кабинеттердің әдіскерлері, ҮШО филиалының жаттықтырушылары, білім беру ұйымдарының басшылары, Қарағанды, Жетісу, Алматы, Астана және Екібастұз қалаларының мектептері мен мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтері шақырылып, қатысты.