Кіру
AA+
AA+

Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.121): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/kst-goo.edugov.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында жыл сайынғы "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы 2019 жылдан бастап жыл бойы форматқа ауыстырылды. 
Акцияның мақсаты - оқытумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басына дайындық кезінде қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Акцияның мақсаты: мұқтаж балаларға әлеуметтік көмек көрсету үшін меценаттар мен демеушілерді тарту.
2023 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында Қостанай қаласының білім беру ұйымдары 95 миллион теңгеден астам сомаға 2361 балаға материалдық көмек көрсетті.
Акцияның басталуы 2023 жылғы 1 тамыздан бастап, аяқталуы – 2023 жылғы 30 қыркүйекке дейін жоспарлануда.
"Мектепке жол" акциясы барысында оқу жылы басталғанға дейін 1000-нан астам бала материалдық көмекпен қамтылады.
 Оқушыларға киім, аяқ киім және кеңсе керек-жарақтарын сатып алу түрінде көмек көрсетіледі.
 Құрметті азаматтар!
 Сіздерді азаматтық белсенділік танытуға және осы акцияға қатысуға шақырамыз.
Анықтама телефоны: жұмыс телефоны-87142-545-228
Мекен-жайы: Қостанай қаласы, Байтұрсынов көшесі, 167 үй, каб. 111, 113, 114, 115.