Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында балаларды қолдау жылын іске асыру аясында 2022 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтарда жарияланған № 780 Жарлығымен «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізілуде.
Акцияның ұраны: Мектепке жол - Шексіз мейірімділік.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде материалдық және басқа да көмектер көрсету, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайға байланысты балалардың себепсіз мектепке бармауына жол бермеу.
Акция 2022 жылдың 1 тамызынан басталып, 2022 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталады.
Құрметті қауым, халықтың әлеуметтік – экономикалық тұрғыдан толық қамтылмаған отбасыларында тәрбиеленіп жатырған балаларды мектепке дайындап, оларға көңіл бөліп, шынайы қамқорлық жасап, атаулы көмек көрсетуде баршамызда азаматтық белсенділік таныта аламыз!
2022 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Қостанай қаласының білім беру ұйымдары 1123 оқушыға 25325 037,68 теңге көлемінде көмек көрсетті.
Оқу жылы басталғанға дейін 1000-нан астам балаға материалдық көмек көрсетіледі.
Атап айтар болсақ, мектеп оқушыларының отбасыларына киім-кешек, аяқ киім және кеңсе тауарларын сатып алуға көмек көрсетіледі. Бұл үшін ата-аналар баланың білім алатын жеріндегі білім беру ұйымына хабарласулары керек.
«Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ қаламыздың барша азаматтарын, бизнес өкілдерін, кәсіпкерлерді, меценаттарды акцияға қосылып, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға көмек көрсетуге өз үлестерін қосуға шақырады.
Акцияға қолдау көрсеткісі келетін жандардың:
Қостанай қ. А. Байтұрсынов көшесі, .67 ғимарат,. 111, 113, 114, 115. кабинеттер;
Анықтама үшін : 8 714 2 – 545 – 228 жұмыс телефонына хабарласуларын сұраймыз
«Қостанай қ. білім бөлімі» ММ