Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ұлы ағартушының 150 жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы әлемі мен рухани мұрасы» әлеуметтік жобасы іске асырылуда.Жоба аясында 5-11 сынып оқушылары арасында қалалық білім беру ұйымдары арасында мүшәйра ұйымдастырылған болатын.Ахмет атамыздың құрметіне театр қойылымдары, әндері, шығармаларын мәнерлеп оқу және оқушы өз шығармашылығында дарындылығымен ерекшеленген оқушылар Ахмет атамыздың кіндік қаны тамған ауылына  іздестіру экспедициясы «Modern Qazaqstan» қоғамдық бірлестігімен барып келген болатын.Театр қойылымы бойынша Ахмет Байтұрсынұлын және  жұбайы Бадрисафа Мұхамедсадыққызын сомдаған №28 мектеп-гимназиясының оқушылары Жамбыл Нұралыұлы мен Айару Марат және «Театр» үйірме жетекшісі Абдибеков Марғұлан Назарұлы Qostanai ОТРК- да " Тобыл тынысы" бағдарламасының тікелей эфиріне қатысып,Торғай аймағында болған экскурсиядан алған әсерлерімен бөлісті.