Қостанай қаласының білім беру ұйымдарының арасында 2023 жылдың 30 наурызындағы №3449 Қостанай облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» хаты негізінде жұмыс жүргізілуде.
Мемлекеттік тілде оқыту бағдарламасын іске асыру аясында түрлі этнос өкілдеріне арналған «Мемлекеттік тілге жеті қадам» облыстық форумының жобасын Қостанай қаласы бойынша үйлестірушісі қалалық білім бөлімінің әдіскері Ж.Д.Жумагулованың ұйымдастыруымен №2 мектеп-лицейінің ғимаратында Қазақстан халқы бірлігін мерекелеу күніне орай «Тіл-ел тірегі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Ереже бойынша он оқушыдан тұратын топ құрылып, наурыз-қазан айына дейін арнайы қадамдар бойынша іс-шараға қатысып отырады. Әдістемелік кабинеттің аға әдіскері А.С.Бектурганова, «Ұлттық рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырушы әдіскері Е.А.Иманкулов әр түрлі этнос өкілдері арасында қазақ тілін білуді насихаттау арқылы Қазақстан халқының бірлігін, мемлекеттік тілді оқытуды нығайту керектігіне кеңін тоқталды.
Бұл жобаға қызығушылық танытып оқушылар іс-шаралар ұйымдастырып екінші қадамды аяқтап, үшінші қадам тапсырмасы негізінде №19 жббм-де бас қосатын болды.